Презентация к уроку _Классикалық және Еуропалық музыка әлеміне саяхат_ А.Б. Байменова

0

No comments posted yet

Comments

Slide 1

«Классикалық және Еуропалық музыка әлеміне саяхат»           Сабақтан тыс эстетикалық  тәрбие шарасы

Slide 2

А.Б. Байменова «Н.Островский атындагы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатының музыка бөлімінің мұғалімі.  Мақсаты: Балалардың ұлы композитор Л.В.Бетховннің өмірімен және шығармашылық жолдарымен таныстыра отырып, білімдерін толықтыру. Көрнекілігі: Ұлы композитордың портреті,«Жазылған жайдың жанғырығы» атты Л.В.Бетховен туралы кітаптар мен суреттер көрмесі.

Slide 3

Жүргізуші: (Л.В.Бетховен («Лунная соната» әуені ойналып тұрады) - Балалар, бугін біздер классикалық және еуропалық музыка әлеміне саяхат жасаймыз. Негізінен Бетховенның еңбектерімен танысамыз. Биыл Бетховенның туғанына 248 жыл. Л.В.Бетховен 1770 жылдың 17 желтоқсанында Германияда дуниеге келген. Ол- өр, ешкімге бағанбайтын, өзінің ойлағанын орындайтын адам болған. Ұлы композитордың әкесі – скрипкада ойнаған талантты тұлға. Людвиг 8 жасында өзінің алғашқы фортепианодағы концертін қойған. Ал, 20 жасында ол 50-ге жуық шығармасын жазған. Соның ішінде: соната, кантанта және басқа да шығармаларды атауға болады. 26 жасқа келгенде оның есту қабілеті нашарлағанмен, ол ешкімге білдірмеуге тырысып, жеке басының трагедиясын жақсы үмітке жеңдіріп, ақырғы демі біткенше еңбек етті. Л. В. Бетховен музыка туралы былай деген: «Музыка адамдар арасында от болып көрінуге тиіс».

Slide 4

Сахналық көрініс. 1820 жыл. Бетховен өмірінің бір күнінен көрініс. Сахнада Людвиг Ван Бетховен отыр. Ол әндетіп бір нәрсе жаза, ойлана отырып, былай дейді: - Мен қалай көп өмір сүрдім! Өзімнің алғашқы концертім есімде, бала кезімде сахнаға қалай шыққаным, қыслып ұялғаным, бірақ та халық мені тыңдады, әрі қошеметтеді. Ал, сонда мен не ойнадым..? (ойлана қалады) - Иә, иә! Алғашқы шығармаларымның біреуі (ыңылдап әндетеді) - «Сурок». (Осы кезде жарық жағылып, фортепианоның сүйемелдеуімен қобыз аспабында «Сурок» шығармасы орындалады)

Slide 5

Slide 6

- 14 жасымда мен Бониға барғанымда Моцарттың шығармаларымен танысып, оны өзімнің концертімде пайдаландым. Тіпті мен Бониде фортепианоға арнап, шығармаларда жаздым. Соның бірі -2 неміс биі. (шығарма орындалады) Мен Моцартпен танысқым келді, сол үшін 1787 жылы 23 жасымда Венаға бардым. Сол барғаным казіргідей менің есімде. О, құдайым-ай, қандай тамаша еді! Моцорт мен туралы былай деді: «Мынаған көніл бөліңдерші, ол өзі туралы әлі айтқызады». (Фортепианода «Элизаға» шығармасы орындалады)

Slide 7

Slide 8

Бониға келгенде мені тағыда бір ғажап күтіп тұрды, онда бір данышпан адам Иосиф Гайдн келген екен. О, ғажап! Ол мені оқушысы етіп алды, сондықтан да мен Венада осындай шебердің қасында тұруға тиіс болдым. Маған менің өмірімдегі алғашқы бал есіме түседі. Әдемі көйлек киген әйелдермен, фрак киген ер адамдар. («Лунная соната» әуенімен би орындалады.)

Slide 9

Slide 10

Бониде менің екі ағайындарым қалды Карл және Иоганн. Көп шығармаларды соларға және балалрына арнадым. Мынандай шығарма есіме түседі (домбыра аспабында «Контрданс» шығармасы орындалады). Бонапарт менің еліктейтін адамым болды. Бір кезде соған арнап «Бонапарт» симфониясын жаздым, бірақ жақынырақ таныса келе мен ол кісіні ұнатпадым, сондықтан симфониямды фортепианоға арналған номер 5-ші соната деп өзгерттім (фортепианода №5-ші соната орындалады). 

Slide 12

Мен балаларды өте жақсы көремін, көп шығармаларым балаларға арналды. Менің музыкалық, мінезімді бейнелейтін сонаталармен қатар сонатиналар да бар.  (Фортепианода «сонатина» орындалады.) 

Slide 13

Бүкіл өмірімде мен фортепианоға ғана емес, скрипкаға да арнап шығармалар жаздым. Балалық шағымнан бастап скрипкаға арналған музыканы ұнаттым. Менің әкем скрипкашы болды. Скрипка - музыканттың қолындағы ұлы қару. Кім оны ұнатса және қадірлесе, сол жан музыканың емшісі. (Скрипка аспабында «Менуэт» шығармасы орындалады).

Slide 15

Қорытындылай келе айтарым, адамдар, музыканы қадірлейік, бағалайық, мәдениетке құрметпен қарайық!

Summary: Презентация к уроку _Классикалық және Еуропалық музыка әлеміне саяхат_ А.Б. Байменова

Tags: презентация к уроку классикалық және еуропалық музыка әлеміне саяхат а.б. байменова

URL: